Учебно-воспитательная работа
Мақсаты

Серпінді дамып келе жатқан ортада, шығармашыл, құзыретті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырып, дамыту.

Міндеттер

1. Әр баланың жеке даралық мүмкіндігіне сәйкес сапалы білім беру.

2. Өз ұлтының өткен тарихы мен мәдениетін білетін, салт – дәстүрін қадірлей алатын, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу.

3. Білім алушылардың өзіндік білім алуы мен өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын дамыту.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары


Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.


Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.


Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.


Төртінші бағыт – Отбасы тәрбиесі

Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.


Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.


Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.


Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.


Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдайқалыптастыру үшін кеңістік орнату.


©2023. Все права защищены. Физико-математическая школа Данашым
Email: info@danashym.kz